Қостанай облысында 60 жастағы ер адам көңілдесін атып өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсады деп жазады sputniknews.kz жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап. Трагедия Ұзынкөл ауданының Ершовка ауылына жақын маңда болған.
Порталға дереккөздің хабарлауынша, 60 жастағы ер адам көңілдесінің өзге ер азаматпен хат жазысып жүргенін біліп қалып, оны өлтірген. Содан кейін өзіне қол жұмсаған.
Ақпаратты Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі растады.
"28 желтоқсан күні Ұзынкөл ауданының Ершовка ауылынан 5 шақырым жердегі жазықта «Шевроле-Нива» автокөлігінен ер адам мен әйелдің мәйіті табылды. Сотқа дейінгі тергеу барысында 60 жастағы ер адам аңшы мылтығымен 47 жастағы әйелді атып тастап, артынан өзін атқаны анықталды", — деп хабарлады баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлімі (Кісі өлтіру) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.