$ 446.49  475.38  4.79

Алматы-Бішкек тас жолында жүк көлігі өртеніп кетті (ВИДЕО)

Алматы облысы Жамбыл ауданныда тауар тиелген жүк көлігі өртеніп кетті. Volvo көлігі бүгін таңертең сағат жеті кезінде Алматы мен Бішкек арасындағы жолда өртенген деп жазады Sputniknews.kz.

Оқиға орнында түсірілген видео Kris_p_almaty паблигінде жарияланды. ҚР ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов төтенше жағдайды растап, толығырақ деректермен бөлісті.

"Ең жақын елді-мекен Ақтерек ауылы, елу шақырымдай қашықтықта болған. Өрт сөндіру бөлімшесі жүз елу шақырымда. Өртті сөндіруге Алматы және Жамбыл облыстарының өрт сөндірушілері қатысты", — деді ол.

Өрт бір жарым сағаттан соң ауыздықталып, тағы он бес минута толығымен сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары