01.01.2018, 11:47

Алматыдан 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Алматыдан 300 шақырым жерде магнитудасы MPV 4.1 болатын жер сілкінісі болды деп мәлімдейді Tengrinews.kz.

"ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы 2018 жылдың 1 қаңтарында сағат 12.42-та жер сілкінісін тіркеді. Зілзала ошағы Алматыдан батысқа қарай 300 шақырым жерде, Қазақстан территориясында", - делінген ведомство сайтында. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.0. Тереңдігі 10 шақырымда. Ал сезілгені жайлы мәлімет жоқ.