07.01.2018, 09:36

Қостанайда науқас аурухана терезесінен секіріп өлді

Қостанайдағы қалалық аурухананың  пациенті дәретхана терезесінен секіріп кетіп мерт болды деп жазады «ҚазАқпарат».

Аурухананың кезекші дәрігері агенттіктің тілшісіне хабарлаған ақпаратқа сүйенсек, оқиға сенбі күні, 6 қаңтарда күндіз болған. Дәрігер сонымен қатар қаза тапқан науқастың алкогольдік интоксикациядан емделіп жатқанын жеткізді. Облыстық ішкі істер департаменті оқиғаға байланысты әзірге пікір білдірген жоқ.

Тегтер: Қостанай