Алматыдан 28 шақырым қашықтықта жер сілкінді деп жазады 24.kz.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісінің мәлімдеуінше, 2018 жылдың 10 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 03-тен 27 минут кеткенде Алматы қаласынан шығысқа қарай 28 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 9.2. Магнитудасы – MPV 4.4. Тереңдігі – 20 шақырым.