11.05.2015, 18:00

Еліміздегі «қайыршыларға» 7 млн теңге айыппұл салынды

Ішкі істер министрлігінің бастамасы бойынша ағымдағы жылдың 11 мамырына бастап елімізде «Қайыршы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. 

«Қайыршы» ЖПІШ негізгі мақсаты әр-түрлі қызметке мәжбүрлеу және белгілі табысқа жету, азаматтарға мазалап тиісумен көрінген құқық бұзушылықты анықтау және жолын кесу, ескерту болып табылады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ӘҚБтК-ның 449-бабында көрсетілген құқыққа қайшы әрекеттер Қазақстан Республикасының азаматы жасаса 5-тен 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл түрінде, немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделген. Шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасынан шығарумен қоса 5 тәулікке дейін қамау алу түрінде жазалар көзделген.

Осынау шара барысында тәртіп сақшылары құқық бұзушылық жасағаны үшін (Қоғамдық орындарда тиісу) 919 адамға жалпы соммасы 7 млн. теңгеден астам айыппұл салынды. Сондай-ақ, 8 шетелдікке қатысты Қазақстан Республикасынан шығару туралы шешім қабылдау үшін материалдар жиналып, аудандық әкімшілік соттарға жолданды.

 

Baq.kz