Ватикан Палестина билігімен Палестина мемлекетінің тәуелсіздігін мойындау туралы келіссөзді аяқтағанын мәлімдеді. Ватикан мәлімдемесінде таяуда қол қойылатын келісім Палестина территориясындағы католик шіркеуінің қызметін айқындайтыны айтылған.
Палестина мемлекеті тек бейбіт келісімге қол қойылғаннан соң ғана құрылуы тиіс деп санайтын Израиль Ватиканның бұл шешімін қолдамайтынын білдірді. Израиль ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Эмануэль Нахшонның айтуынша, бұл қадам "палестиналықтарды келіссөз үстеліне алып келуге ықпал ете алмайды". Өткен жылы Швеция Палестинаның тәуелсіздігін мойындаған. Еуропаның кейбір елдерінің парламенттері мен Еуропа парламенті де Палестинаның мемлекеттілігін танитын қарар қабылдаған.