$ 448.15  483.46  4.86

Астанада «Біздің күшіміз – бірлікте!» акциясы өтті

Елордада Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған шаралар легі жалғасын табуда. Бүгін «Жерұйық» саябағында Астана қаласының әкімдігі Ескерткіштер мен тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтауды қамтамасыз ету дирекциясының ұйымдастыруымен жақында ғана ашылған генерал-майор Иван Панфиловқа арналған ескерткіштің жанында «Біздің күшіміз – бірлікте!» атты акция өтті. Бұл жайында Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Аталмыш шара ең алдымен мектеп оқушыларына ескерткіштерді сақтаудың маңыздылығын түсіндірумен тікелей байланысты болып отыр. Осылайша, №63 орта мектептің 1 сынып оқушылары ата-аналарымен бірге И. Панфилов ескерткішінің алдына жиналды.

Шара барасында оқушылар Жеңіс күніне арналған өлеңдерді оқып, танымал «Катюша» әнін орындады.

Акция аясында қатысушыларға атақты генералдың өмірі мен 28 гвардияшы-панфиловшылар туралы деректер айтылды. Сонымен қатар, оқушылар аталмыш ескерткіштің авторы, жас сәулетші, «Шабыт - 2013» халықаралық жастар фестивалінің лауреаты Ринат Әбеновпен кездесті.

Шарадан кейін оқушылар «Қазарт» Қазақстан көркем комбинаты» ЖШС ғимаратында болып, көркемдік-өндірістік жұмыстармен танысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары