20.01.2018, 17:45

Өзбектің ақын қызы автобустағы өрттен қайтыс болған қандастарына арнап зарлы өлең шығарды

Өзбекстандық ақын қыз Шахло Ахророва осыдан екі күн бұрын Ақтөбе облысындағы автобус өртінен қайтыс болған қандастарын жоқтап, өлең шығарды. Өзбекше өлең жолдарын ақын Сұлухан Мыңбаева қазақшаға аударған.

Өзбектің ақын қызының өз халқына көңіл айтуы.

Жыла, Отан!

Басыма ақ салам-ай деп жыла, Отан, Қырды кезген налам-ай деп жыла , Отан. Елу екі дем үзілді бір-ақ сәтте, Елу екі данам-ай деп жыла, Отан Бейуақ кеткен балам-ай деп жыла, Отан! Несібемді терейін деп шығып кеткен Пешенемнен көрейін деп шығып кеткен Ана еңсесін көтерместей жығып кеткен Ессіз кеткен балам -ай деп жыла, Отан Ізсіз кеткен балам-ай деп жыла, Отан! Өзге жұртта сарсан болып қор болдың ба, Ах,перзентім көмегіме зар болдың ба? Елу екі жұлынымды жұлып кеткен Елу екі құлынымды жұлып кеткен, Шейіт кеткен балам-ай деп жыла, Отан! Ең ауыр қам - бала қабірін көру екен Ең ауыр дерт өзге жұртта өлу екен Ең ауыры бәріне де көну екен, Көкке жетті налам-ай деп жыла, Отан Қабірің қане балам-ай деп жыла, Отан! Қайда барсаң іздеріңнен еремін де Үйіңе қайт, ырыздық тауып беремін де, Бөтен елде сен басыңды иіп жүрсең Бас көтеріп қалай енді жүремін де …Бейуақ кеткен балам-ай деп жыла, Отан!

Еске салайық, 18 қаңтар күні Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында жолаушылар автобусы өртеніп, салонда болған 57 адамның 52-сі тірідей жанып кеткен болатын. Олардың барлығы да Ресейге қара жұмыс істеуге кетіп бара жатқан Өзбекстан азаматтары екені анықталды.