14.05.2015, 18:00

Үш айдың ішінде 900-ге жуық нәресте шетінеген

Ағымдағы жылдың қаңтар-наурызда республикада 1 жасқа дейінгі қайтыс болған нәресте саны 850 (1 050) адамды құрады. Бұл көрсеткішті өткен жылмен салыстырғанда 19%-ға азайған, деп хабарлайды AlmatyNews АА-нің тілшісі ҚР ҰЭМ-нің статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Осы кезеңде нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 2014 жылғы қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда 11,31 промилледен 9,23 промиллеге дейін төмендеді. Нәресте өлімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2015 ж. қаңтар-наурызда 447 (572) нәресте қайтыс болды, бұл нәрестелер арасындағы өлімнің жалпы санының 52,6% (54,5%) құрады. Туа біткен ауытқулардан қайтыс болған нәрестелер саны 169 (195) немесе 19,9% (18,6%), тыныс органдары ауруларынан - 56 (90) немесе 6,6% (8,6%) және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 42 (45) немесе 4,9% (4,3%) адамды құрады», - делінген хабарламада.