Денесінен 16 ине табылған өзбекстандық 11 айлық сәби қайтыс болды. Бала инелерді алып тастау үшін жасалған операциядан кейін көз жұмыпты. Бұл туралы өзінің Facebook-парақшасына Өзбекстандағы Демократия және адам құқығы институтының директоры Сайера Ходжаева жазды.
«Денесінен ине табылған бала бүгін қайтыс болды. Иманды болсын», – деп жазды ол желідегі парақшасына.
Еске салайық, Өзбекстанның Ферғана облысында 11 айлық нәрестенің денесіне 16 дана ине кіріп кеткен және сол инелермен бала 1 айға жуық уақыт азаптанып жатыпты. Қаңтардың 21-і күні балаға операция жасалған еді.