Атышулы Айжан Байзақова бала күніндегі суреттерімен бөлісті. Сәби кезіндегі естеліктерін ол telegram-каналына жүктеді.
Бірінші суретте Байзақова 2 жаста. Бала күнінен суды қатты жақсы көретінін жазыпты.
Ал екінші сурете қызыл көйлекпен қызыл кілем алдында әдеттегінше күлімсіреп тұр.
«Кішкентай кезімдегі суреттердің бәрінде күліп түсіппін. Соған қарағанда бақытты бала болғанмын-ау. Бірақ анам «тырысқақ-тұғынсың» дейтін. Мүмкін камераны қатты жақсы көрген болармын сол кездің өзінде», – дейді ол.