Оңтүстік Кореяның Мирян қаласындағы Седжон король атындағы аурухана өртенді. Ёнхап ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, тілсіз жау 31 адамның өмірін алыпты. Барлығы да тірідей жанып кеткен. Тағы 40-тан астам адам түрлі дене жарақаттарын алыпты.
Өрт сөндірушілердің айтуынша, жалын ғимараттың бірінші қабатындағы жедел көрсету бөлімінде тұтанған. Бұл сәтте ауруханада барлығы 100-ге жуық адам болған екен. Олардың 52-сі қазір басқа ауруханаға жеткізілді.
Сонымен қатар, өртенген ғимарат жанында орналасқан қарттар үйінен 93 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Мамандар өртті 1 сағат 40 минутта әзер сөндіргендерін айтып отыр.
Осы қайғылы жайтқа байланысты Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин өз көмекшілерін жинап, шұғыд жиын өткізуде.