$ 498.34  519.72  4.85

Қайрат Нұртас әйелінің бетіне жағылып қалған тортты жалап алды (ВИДЕО)

Былтырдан бері әйелін көпшіліктің алдына шығарып, түрлі той-жиындарда жанынан тастамай алып жүруді әдетке айналдырған танымал әнші Қайрат Нұртас Жұлдыздың бетіне жағылып қалған тортты тілімен жалап алды. Бұл сәт түсірілген видеоны эстрада өкілі өзінің Instagram-парақшасына жүктеген.

Видеоға Қайрат пен әйелі Жұлдыздың ойын ойнап отырған сәті түсірілген. Онда екеуі кезек-кезегімен тортты беттеріне жағып ойнайды. Артынша олар бетке жағылған тортты салфеткамен сүртіп тастап отырған. Бірақ, Қайрат әйелінің бетіндегі тортты сүртіп тастамастан бұрын тілімен жалап алып, оны еркелеткендей кейіп танытты.

Instagram әлеуметтік желісіндегі осынау видеоны 1 миллионға жуық адам көрген. Олардың барлығы дерлік жастардың осынау әрекетіне сүйсіне қарап, пікір білдіруде.

Айта кетейік, Қайрат Нұртас әйелін ұзақ жылдар бойы көзден таса ұстап, тек былтыр ғана өзі түскен фильмге қатыстырды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары