$ 449.58  486.94  4.86

Ауғанстандағы әскери академияға лаңкестік шабуыл жасалды

Ауғанстан астанасы Кабулда орналасқан әскери академияға лаңкестер тобы қарулы шабуыл жасады деп хабарлайды Tolo News телеарнасы. Академия ғимаратында атыс пен жарылыстың дауыстары естілуде.

Кабул билігі телеарнаға берген сұхбатында дүйсенбі таңертең белгісіз тұлғалардың Маршал Фахим атындағы ұлттық қорғаныс университетіне шабуыл жасағанын растаған. Бұл шабуылға теракт деген баға беріліп отыр.

БАҚ өкілдерінің мәліметінше, оқу орнына баратын жолдардың барлығы жабылып, арнайы жасақ өкілдері ғимаратты лаңкестерден тазарту операциясын жүргізіп жатыр. Әзірге қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары