Шымкентте жанармай сататын «Helios» пен «Газпромнефть» компаниялары бензин бағасын қымбаттатып жіберді. Аталған жанармай бекеттерінде халық көп тұтынатын АИ-92 бензині 162-163 теңгеге көтерілді деп жазады ҚазАқпарат.
«Газпромнефть» пен «Helios» компанияларының өкілдері бағаны көтеруге басшылары тарапынан тапсырма алғанын айтты. Сөйтіп 2-3 теңгеге қымбаттатқан. Ал нақты себебін түсіндіре алмады»,- деді облыстық кәсіпкерлік басқармасының мамандары.
Қазір компания басшыларына хат жолданып, бағаны өсіру себептері анықталуда. Ал, өңірдің «Жанар-жағармай қауымдастығы» төрағасы Қайыпбек Қамбаров болса өзге жанармай бекеттерінде бензин бағасы өзгермегенін айтады.
«Менің ойымша, қыс ауасында бағаны күрт көтеру дұрыс емес. Оған себеп, бізде нақты мәлімет жоқ. Қай компанияға қанша бензин беріліп жатыр, қанша компанияға жетпеуде, ол жағын білмейміз. Нақты бір жүйе жоқ. Сол жағын ретке келтірсе дұрыс болады»,- дейді Қайыпбек Қамбаров.