Соңғы кездері Ерке Есмаханды әзілкеш Әли Байжұматпен көңіл жарастырып жүргенін желі қолданушылары жиі жазып жүр. Тіпті әншінің жеңіл, ұзын етекті көйлектер кие бастағанына қарап оны «жүкті» деп жатқандар да табылды.
Бірақ Ерке бұл ақпаратты жоқпа шығарып отыр. Десе де, ол тағы да балалы болудан бас тартпайтын көрінеді.
«Сондай кіршіксіз, таза, мөлдір көңілмен сіздерге денсаулық, күш-қуат тілеймін! Майда-шүйде əңгімеге мəн бермей, өмірдің рахатын сезініп жүргенге не жетсін?! Осы сəтте бақытты бола білейік. Қалғаны келеді, кетеді, айтылады, қояды. Бақытты сəттер естелік болып қалады. Сондай сəттен қайықтағы фотокартинамды сіздерге жолдаймын! Айтпақшы, аяғым ауыр емес. Ол үшін күйеуге шығуым керек қой. Жəне мұндай жағымды жаңалықтар боп жатса, бірінші боп Сіздер өз аузымнан естисіздер! Не болса да, сондай ақ тілек-үміттен шыққан "жалған ақпаратқа" да рахмет! Әумин, айтқандарыңыз келсін!», – деп жазды әнші өзінің Instagram-парақшасына.