03.02.2018, 18:14

Баян Алагөзова «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасын түсірмекші

Белгілі продюсер Баян Алагөзова бір кездері өзі басты рөлде сомдаған «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасы түсірілуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасына жазды.

«25 жыл өте шықты. Кейіпкерлердің тағдыры не болғанын білетін уақыт келген сияқты»,  – деп продюсер фильмнің жалғасын күтетіндерге іздеу салды.

Еске салайық, «Махаббат бекеті» — мелодрама жанрындағы қазақ режиссері Талғат Теменовтың «Гүлназ» повесті бойынша түсірілген туындысы. Фильм 1993 жылы жарыққа шықты. Басты рөлді Баян Алагөзова (Есентаева) сомдаған болатын.