$ 498.34  519.72  4.85

Қызын күйеуге бергісі келмеген ер азамат бүкіл отбасын қырып салды

Пәкстанда қызының тұрмысқа шығатынын естіген ер азамат бүкіл отбасын қырып салды. Бойжеткен әкесінен рұқсат сұрамай, тек анасы мен өзге туыстарының батасын алып, ұзатылмақ болған көрінеді. Оның үстіне, күйеу жігіт қалыңдықтың әкесіне әу бастан-ақ ұнамаған екен деп жазады The Hindustan Times.

Асиф Шах алдымен әйелін атып өлтірген. Артынша Комаль мен Рида есімді екі қызын о дүниелік етіпті. Ал, 15 жастағы ұлы ауыр жараланған.

Қайғылы оқиға Пенджаб провинциясының Атток қаласында болған. Полицейлердің айтуынша, 26 жастағы Комаль өзінің сүйіктісіне тұрмысқа шықпақ болыпты. Алайда, әкесі оларға рұқсатын бермеген. Соған қарамастан бойжеткен өзге туыстарының рұқсатын алып, күйеуге кетуге бел буыпты. Мұндайға шыдамаған ер азамат үйдегі қаруын алып, бүкіл отбасын қырып салған. Артынша өзі қашып үлгеріпті. Қазір оны жергілікті полицейлер іздестіруде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары