$ 444.22  476.38  4.82

Әйелдердің іш-киімін ұрлап жүрген дін өкілі бейнекамераға түсіп қалды (ВИДЕО)

Буддалық монах әйелдердің іш-киімін ұрлаймын деп масқара болды. Оның осынау анайы әрекеті бнейнебақылау камераларына жазылып қалған. Артынша дін өкілі шіркеуден де қуылды деп жазады Daily Mail.

Аталмыш бейнеролик дүйсенбі күні яғни, 5 ақпанда түсірілген. Онда 49-жастағы Тхирапхап Воррадилоктың Суханбури қаласындағы бір үйдің жанында ілініп тұрған әйелдер іш-киімдерін сөмкесіне салып алып, қашып кеткені бейнеленген.

Үй иесі Киттисак Хажорнетихун киімдерінің жоғалғанын біліп қойып, жергілікті полицейлерді шақырған. Оған ұрының кім болғаны қызық болыпты. Бейнебақылау камерасын тексерген тәртіп сақшылары дереу монахқа іздеу жариялаған.

Жәбірленушінің әшекей бұйымдарын сататын дүкені бар, ол жұбайына жаңа іш-киімдер сатып алуға шамасы келетінін айтып отыр. Алайда, дәл дін өкілінің осындай әрекетке баруы кешірілмейді дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары