Нью-Йоркте 11 жасар Энтони Перес есімді бала 12 жастағы досын (Хуан Амперрес) құтқарамын деп өзі ажал құшты. Балалар бетіне мұз қатқан судың бетінде ойнап жүргенде мұз жарылып кеткен деп жазады The Daily Mail.
Оқиға Мертл-авеню ауданындағы Форест саябағында болған. Балалар мектеп жанындағы шағын өзеннің бетіне қатқан мұзда ойнап жүріпті. Сол сәтте мұз жарылып, Хуан Амперрес су астына кеткен. Досы Перес оны құтқарғанымен, артынша өзі суға кетіп, содан қайта жағаға шыға алмапты.
Оқиға орнына келген құтқарушылар батыр баланы жағаға шығарып алып, алғашқы медициналық көмекті көрсеткенімен, оны құтқара алмады. Артынша жедел жәрдем келіп, оның қайтыс болғанын тіркеді.
Журналистердің мәліметінше, Пересті судан алып шыққан екі құтқарушыны үсік шалып, екеуі де ауруханаға түскен. Ал, аман қалған Хуан Амперрес досының ата-анасына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты.