$ 445.66  474.58  4.78

Ан-148 ұшағының апатқа ұшырау сәті бейнебақылау камерасына жазылып қалған (ВИДЕО)

Кеше апатқа ұшырап, салдарынан 71 адам қаза тапқан Ан-148 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырау сәті бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Бұл жазба артынша YouTube видеопорталында жарияланды.

Аталған бейнекамера Мәскеу маңындағы жеке үйлердің бірінде орнатылған екен. Ондағы видеоның сапасы жақсы болмаса да, ұшақтың жарылған сәті анық көрінеді.

Еске салайық, кеше Мәскеуден Орынборға ұшқан Ан-148 ұшағы әуежайдан аса көп ұзамай апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ бортында болған 65 жолаушы мен экипаждың 6 мүшесі түгел қайтыс болды. Ұшақ әуеге көтерілер кезде ауа райы қолайсыз болғаны айтылып отыр. Қазір бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталып кетті. Құқық қорғаушылар қауіпсіздік шараларының сақталмағанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары