Шымкент қаласында он алты жастағы мектеп оқушысы өзіне қолжұмсап, артынан соңғы хатын қалдырған. Баланың асылып тұрған мәйітін анасы тауып алыпты деп Otyrar.kz.
Қазақ тапқан оқушы №83 қалалық мектепте білім алған. Оны көршілері мен сыныптастары қатты сыйлаған екен. Қайғылы оқиға орын алған күні жеткіншек үйіне көңілсіз оралып, артынша асылып қалады. Мәйітте тексеру барысында оның қалтасынан ұсақтап жыртылған хат табылған. Хатта адамдардың аты-жөндері келтірілген екен. Бозбала осылайша өзін жәбірлеушілер туралы айтпақ болғанға ұқсайды. Бірақ белгісіз себеппен хатты жыртып тастаған.
Кейін анықталғандай, ол осы оқиғадан бұрын әпкесіне хабарласып, өзіне 7 мың теңге беруін сұраған. Айтуынша, жоғары сынып оқушылары маза бермей қойған.
Қазір полицейлер қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.