$ 444.22  476.38  4.82

Тәжікстанда ерлі-зайыптылар жанжалдасып, екеуі де өздеріне қол салып қайтыс болды

Тәжікстаның Куляб қаласында ерлі-зайыпты өмірмен қоштасқан. Олар бірінен соң бірі өз-өзіне қол жұмсаған. Себебі әзірге белгісіз деп жазады Азаттық тілшілері.

Тергеушілер отбасындағы жанжалдан соң ерлі-зайыптылар осындай қадамға барған деп топшылайды.

Кулябтағы ішкі істер департаментінің бір қызметкері берген мәліметке қарағанда, 35 жастағы қала тұрғыны Сабохат Саъдуллоева өткен аптаның басында қышқыл ішіп өлмек болған. Әйелді ауруханаға жеткізгенімен, ол екі күннен кейін көз жұмды.

Тағы екі күннен соң Рудаки ауылы мағындағы төбешікте оның күйеуі Бегиджон Курбоновтың денесі табылды. Ол өзіне қол жұмсамастан бұрын өз өмірін оқушы дәптеріне жазып кеткен.

Ерлі-зайыптылар Куляб қаласында тұрған. Олардың некесінен бір ұл және Сабохат Саъдуллоеваның бұрынғы некесінен екі бала жетім қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары