$ 449.58  486.94  4.86

Алаш атын аяққа басты: Қабдеш Жұмаділов Нұрлан Оразалинді оңдырмай сынады

Нұрлан Оразалинді аямай сынағандар да аз болмады. Тіпті барша жұрт рухани жаңғырып жатқанда, жазушылар одағы неге жаңғырмай қалды деген де сұрақтар қойылды. Таңғы оннан бастап жазушылар одағына жиналған қаламгерлердің қарасы көп. Әдебиетшілер алдында бесінші құрылтайдың өтетін күнін белгілеп, одақ жұмысына баға беру мақсаты тұрды. Ал жиынды бастаған Нұрлан Оразалин бірден алдағы құрылтайда өзінің сайлауға түспейтінін айтты деп мәлімдейді 31 арна.

“Түспеймін деген сөзді мен тағы да қайталап айтқым келеді. Өйткені маған жетіп жатқан әңгімеде Нұрлан тағы да алдап-сұлдап, ертең уақытты созып, мына бәйгеге аяқ асты өзі түсіп кетіп осы бесінші рет мына билікті қолына алып алғысы келеді деген сөзді айтатын көрінеді. Ондай болуы мүмкін емес, Қабеке”, – дейді жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин.

Қабеке деп, одақ төрағасының Қабдеш Жұмаділовке қаратып айтуы да бекер емес. Осыған дейін Оразалинге орыныңда отырып алдың деп шүйліккен де дәл осы халық жазушысы еді. Десе де Жұмаділов бұл жолы да қарап қалмады.

“Өмірі кешпейтін нәрсе Нұрланның бетінде қалады ол. Алаш деген атты аяққа басып, 42 адамға бір күнде үлестіру деген не болды соншама? Не жетпеді? Алаш сыйлығын 2 адам 3 адам алатын бұрын ұзаса”, – дейді Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов.

Одақ төрағасының жұмысына оң баға бергендер де аз болған жоқ. Әдебиетшілер қаламақы мәселесінің бір жолға қойылуы мен одақ ғимараты тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетпеуін Оразалиннің еңбегі деп біледі. Сондай-ақ қаламгерлер одақтың ассамблея мен дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы секілді мемлекет тарапынан қаржыландырылып, идеологияны жүргізетін бірегей ұйымға айналатын уақыты жетті деген пікірлерін де ортаға салды.

“Баяғыда Колбинді осы жерге шақырып алып тұрып Жұбан Молдағалиев, Сафуан Шәймерденов сөйлеген кездегі айбар қандай еді, жазушылар одағының? Көкке жетер еді. Ал одан кейін Мұхтар Шаханов ержүректік жасап, аноу бүкілодақтық съезде сөйлегені ол да Қазақстан жазушылар одағының айбары”, – дейді ақын Темірхан Медетбек.

80 жылдан астам тахихы бар, 800 ден аса ақын-жазушысы бар одақтағылар 5 сағат бойы бес жылдағы қордаланған мәселелерді ортаға салды. Осылайша олар алдағы 12-і наурыз күні одақтың жаңа төрағасын сайлап, жаңаша бағдарлама құрмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары