$ 494.87  520.65  4.91

Еркекпен жыныстық қатынасқа түспеген бойжеткен жүкті болды

Канада тұрғыны қыздық пердесі бұзылмағанына қарамастан, бала көтеріп жүр. Лорен өмірінде жыныстық қатынасқа бармаған және ондайды құптамайды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды

Медицинада бұл ауытқу жыныстық талғамға жауап беретін гормондардың жеткіліксіз шығарылуымен байланысты дейді. Ресми түрде диагноз «гипопитуаризм» деп аталады.

«Мен қатарластарыма қарағанда әлдеқайда баяу жетілдім. Ал бала кезімнен бастап эстроген қосылған дәрі қабылдап жүрдім. Бұл жұмыртқа жасушаларын қалыптастыруға көмектесті. Бірақ, бұған қарамастан, жігіттер мені мүлдем қызықтырмайтын. Өмірімде тек бір рет сүйістім. Бұл сондай жиіркенішті екен. Жыныстық қатынас бұдан да сұмдық шығар»,- дейді қыз.

Дегенмен, Лорен жыныстық қатынасқа бармаса да, балалы болады. Ол бірнеше жыл бұрын ана болғысы келген.

Дәрігерлер канадалық қыздың ана болғысы келетін естіген соң, оған жасанды ұрықтандыру рәсімін ұсынды. Тек бірнеше әрекеттен кейін ғана ЭКО арқылы бала көтеру мүмкін болды. Лорен қазір өзінің алғашқы сәбиіне жүкті. Ол өмірінде еркекпен жақын қарым-қатынаста болмады. Бала туғаннан кейін де, ол жыныстық қатынастан аулақ жүруді жалғастырады.

Сонымен қатар, Ұлыбританияның акушер дәрігерлеріне болашақ аналарға сөйлегенде абай болу керек дейді. Жүкті әйелдерді қадағалайтын басшылық болашақ аналарға жылы сөйлеуді міндеттеді. Мысалы, болашақ ананы «ол» немесе «босанушы» деп атауға болмайды. «Жақсы қыз» немесе «үлкен бала» сөзі, болмаса «сіз жақсы тырысып жатырсыз» және «сау бала» деген сөздермен ауыстырылуы керек.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары