$ 498.51  522.84  4.81

Жолдыбаева болашақ жары туралы: "Маған негізі орыстың жігіттері ұнайды"

Танымал әнші Кәмшат Жолдыбаеваның сіңілсі Алтынай сынға көп ұшырайтын әншілердің бірі. Ол бұндай әңгімелерді аса көңіліне алмайтын көрінеді. Әрине, тек ақпарат рас болса ғана. Егер ел жалған сөз шығарса, ооған кәдімгідей шамданады екен. Ал жігіт тақырыбына келгенде оның талғамы тіпті таң қалдырды. Бұл туралы ол Гәкку арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Алтынай Жолдыбаева үшін болашақ жарының ұлты маңызды емес. Бастысы – нағыз ер мінезді азамат болса болғаны.

«Мен ешқашан қалтаға қарайтын адам емеспін. Маған өте батыл жігіттер ұнайды. Бірақ, болашағы бар жігіт керек. Болашақ жігітім тек қазақ болсын деген ұстанымым да жоқ. Маған жалпы орыстың жігіттері ұнайды», — деді әнші.

Еске салайық, әнші бұған дейін сахнаға крест тағып шығып, жұртты біраз шулатқан. Енді бұл әрекетінің мәні белгілі болғандай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары