Алматыда көлік аялдамаға соғылып, автобус күтіп тұрған әйел сол жерде мерт болды. Куәгер видеоны Instagram желісіндегі kris_p_almaty паблигіне жариялады.
Куәгердің айтуынша, оқиға Райымбек пен Розыбакиев қиылысында орналасқан аялдамада болған. Mersedes жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолына шығып кетіп, аялдамаға соғылған. Салдарынан 1 әйел қайтыс болды. Ал 2 жаралы адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.