$ 448.15  483.46  4.86

Қарағанды облысында ірі жол апатынан 6 адам қайтыс болды

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тауып, тағы 8-і жараланды деп хабарлады КТК телеарнасы.

Жол көлік оқиғасы Қарағанды мен Қарқаралы ауданы арасындағы тас жолында болған. Нива мен Тойота көліктері бетпе бет соқтығысуы салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары қаза тапты. Жарақат алған тағы 3 адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, Қарағанды – Жезқазған тас жолында да Лада мен Тайота көліктері бетпе бет соқтығысқан. Мұнда да екі көліктің жүргізушілер сол орында тіл тартпай кеткен. Түрлі жарақат алған 5 жолаушы Абай аудандық ауруғанасына жатқызылды. Қазір полиция осы апаттардың себептерін анықтап жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары