$ 494.87  520.65  4.91

"Хайп" ұстап! Ләйлә Сұлтанқызы Байзақоваға қатысты пікір білдірді

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы атышулы Айжан Байзақова туралы пікір білдірді.

«Иә, мен оның Телеграмм-арнасын адамдардың оқитынын білемін. Ол өте ақылды қыз, «хайп» ұстап, бұны дұрыс деп есептейді. Меніңше, уақыт өте келе ол өз аудиториясын тәрбиелеуі керек сияқты. Оның қуатты құралы бар, ол осыны пайдаланса болады. Жай ғана оны бағыттап, дұрыс арнаға салу керек. Екінші жағынан оны үйрететіндей мен оған ешкім емеспін ғой. Өз ата-анасы бар, өзінің миы бар», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Ләйлә Сұлтанқызы жақында жетінші арнадан шығатын жаңа бағдарламасын да тілге тиек етті.

«Ер адамдар мен әйелдер арасында ой тартыс болады. Әркімнің өз пікірі бар, ол өмір сүруге құқылы. Қасымда тағы бір жүргізуші болады, ток-шоу тікелей эфирден көрсетіледі. Басты мақсат – ер адамдар аудиториясын қызықтыру, өйткені бізде ер адамдар көретін нәрсе жоқ», – деді тележүргізуші.

Дереккөз: Today.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары