Пәкстандық трансгендер балалар биыл Сауд Арабиясына қажылыққа барып, волонтер қызметін атқаратын болады. Бұл туралы NDTV телеарнасы хабарлады.
Синд Атифа провинциясындағы бойскауттар қозғалысының комиссары Амин Хұсейіннің айтуынша, жас трансгендерлерді өзге еріктілермен бірге бірдей жағдайда іріктеп алатын болады. Іріктеу барысында олар спорттық жаттығулардан сынақ тапсырып, тест сұрақтарына жауап береді. Іріктеу біткен соң тізім дін істері министрлігінің бекітуіне жіберілмек. «Бұл біздің қоғамда трансгендерлерге деген көзқарасты өзгертуі тиіс», — дейді Амин Хұсейін.
Оның айтуынша, соңғы уақытта қозғалыстың құрамыне 40 трансгендер бала қосылған екен. Бұл өз кезегінде халықаралық ұйымдардың назарын аударып, шетелден қолдау табары сөзсіз дейді ол.
Айта кетейік, Пәкстан 2009 жылдан бастап трансгендерлерді үшінші жыныс өкілдері деп мойындап, олардың төлқұжатына арнайы белгі қоя бастады. Зерттеушілердің мәліметінше, қазіргі таңда елде жарты миллиондай трансгендер бар. Оларды билік қоғаммен араластырғысы келсе де, жергілікті халық бәрібір бөліп тастап отырады.