АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында мұғалім сабақ барысында оқушыны жерге алып ұрды. Пол Стеннет есімді ұстаз басқа мұғалімнің орнына келген екен.
Cабақ барысында оқушы тәтті жеген. Оның бұл қылығын ұнатпаған мұғалім оған ескерту жасап, қолындағысын тартып алған. Кейін қоңырау кезінде тәттісін кері қайтаруын сұраған оқушы ұзтаздың ашуына тиеді. Сөйтіп, мұғалім жасөспірімді көтеріп алып, жерге қадап тастайды.
Оқытушы жұмыстан шығарылғаны белгілі болды. Ал баланың анасы оған қарсы арыз жазып жатыр.
Дереккөз: Life.ru