$ 494.87  520.65  4.91

6 жасар баласын өлімші етіп сабап тастаған сайрамдық әйелдің соты басталды

Шымкентте "баласын ұрып-соғып, жан сақтау бөліміне түсірді" деп айыпталған күдіктінің соты басталды. 20 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы кәмелетке толмағандар істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылының тұрғыны "алты жастағы баласын ұрып-соғып, жан сақтау бөліміне түсірді" деп айыпталған Назира Бекбаеваның ісін қарай бастады деп жазады Азаттық.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, сот отырысына айыпталушы Назира Бекбаева мен оның туыстары және адвокаты Жұмабек Тоғызбаев қатысты. Назира Бекбаеваның алты жастағы баласы сот отырысына қатыспады.

Айыпталушының ағасы Асанхан Бекбаев Азаттыққа баланың денсаулығы жақсы екенін, туысқандарының қарауында екенін айтты.
Назира Бекбаева сот отырысы кезінде жылап отырды. Ол суретке түсірмеуді, журналистердің сот процесіне қатыспауын өтінді.

Судья Қанатбек Қоңырбаев процеске прокурордың келе алмауына байланысты келесі сот отырысын 22 наурызға қалдырды.

1981 жылы туған Назира Бекбаева Қылмыстық кодекстің "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша сотқа тартылып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары