Осыдан 4 күн бұрын ғана Димашты жер-жебіріне жетіп сынаған әнші Ерболат Құдайберген басқаша сайрай жөнелді. Әнші бұған дейінгі «шиқылдақ» дауысты деген сөзін ұмытып, керісінше Димашты мақтан тұтатынын айтты.
«Димашты жамандады деп шу шығыпты. Интернет желісінде күніне біреуі шығады екен əр түрлі мағынамен! Өтірік әңгімелер! Димаш менің інім. Өзім оны қатты жақсы көремін. Қалай аузым барып жамандайды деп ойлайсыздар? 2 ғасырда бір-ақ рет кездесетін өнер иесі, талантты. Өзімді "ағатайым" деп сыйлап тұрған інімді жамандап, төмендетеді деп ойлайсыздарма? Керісінше, мақтан тұтам! Димашқа тек табыс тілеймін. Жас қой. Биік белестер əлі алда!», – деп ағынан жарылды Құдайберген.
Журналистер Ерболат Құдайбергеннің айтқан сөздерін аспаннан алып жазған жоқ. Өз аузынан шыққан сындар бәрі де. Десе де, әншінің ойламаған жерден сөзінен тайқып кеткені баршаға қызық болып отыр.