$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстау халқы президент сайлауына белсене қатыспақ

26 сәуір күні Маңғыстау облысының 177 сайлау учаскесінде 315 мың 202 адам дауыс бере алады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Есен Күмісқали хабарлады.

«Көп адам келеді деп үміттенеміз. Біз тұрғындарды алдағы сайлау туралы ақпараттандыру бойынша жан-жақты жұмыс атқардық. Барлық сайлаушылар сайлау учаскелеріне жеке шақыру қағаздарын алды. Сайлаушылар әдетте түскі уақытта көптеп келеді», - деп хабарлады Есен Күмісқали.

Облысқа Астраханьнан − 5, Ростовтан 4 байқаушы келген. ҚР ОСК-да аккредиттелген 2 ұзақ мерзімді байқаушы ҰҚЫҰ/ДИАҚБ атынан келді. Сайлау учаскелерінде ҚР ОСК аккредиттеген басқа да халықаралық қысқа мерзімді байқаушылар да жұмыс жасай алады. Олар әзірге облыстық сайлау комиссиясына барған жоқ.

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев 13-ші шағын ауданындағы №17 мектепте дауыс береді. Ал 105 жасқа толған Несіп Ерінбаев үйінен дауыс береді. Ол Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында тұрады. Жаңа босанған әйелдер де дауыс бере алады. Түскі уақытта Ақтау қаласының облыстық перзентханасына дауыс беруге арналған жәшік әкелінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары