$ 446.49  475.38  4.79

Кәсіпорын басшылары білімдерін шыңдамақ

Маңғыстаулық кәсіпорындардың 30 басшысы білімін шыңдамақ. Кәсіпкерлер үшін Маңғыстау облысының әкімдігі мен аймақтың кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерді кешенді оқытудың «Mangystau Business Executive Program» бағдарламасын іске қосты. Салтанатты шараға облыс әкімі Алик Айдарбаев қатысты.

«Біз шағын-МВА бағдарламасын ел Президентінің кадрларды дайындау сапасын арттыру және мықты аймақтық кәсіпкерлер мен компанияларды құру туралы тапсырмасы аясында іске қостық. Түрлі деңгейдегі басқару кадрларын дайындау бойынша бастамаларымыздың барлығы 2014 жылы қазан айында Маңғыстау облысына келген сапарында Елбасы бекіткен өңірдің даму стратегиясын жүзеге асыру аясында жүргізіліп жатыр», - деді Алик Айдарбаев.

Жарты жыл ішінде 30 тыңдаушы операциялық және стратегиялық менеджмент, келіссөздер жүргізу, кайдзен, қызметкерлерді басқару, тиімді ойлау техникасын және маркетингті меңгереді. Пәндерді оқытқанда оқытушылар кейс-әдістер мен бизнес-симуляцияларды пайдаланады.

Оқытушылардың қатарында В.Джапаридзе, З.Семембаев, Р.Калимуллин, Ж.Жалқыбаев, О.Мецик, О.Эм, Т.Сәбитов, А.Левченко және өзге де қазақстандық және халықаралық жетекші компаниялардың кеңесшілері бар.

Оқыту қорытындысы бойынша тыңдаушылар кәсіпорынды, бизнес-үрдістерді, қаржыны және қызметкерлерді сәтті басқаруға қажетті кешенді басқару машығын иегерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары