ҚР Президентінің сайлауына Маңғыстау облысында ең егде сайлаушы - 105 жастағы Несіп Ерінбаева дауыс берді, ол Мұнайлы ауданының Атамекен кентінде тұрады. Әжейдің 100 немересі мен 4 шөбересі бар.
Ол өз таңдауын жылжымалы жәшікке салды.
Көп жасаған ана бүгінгі күн әр қазақстандық үшін аса маңызды екенін айтты. Елінің ертеңін ойлаған әр адам сайлауға жауапты қарау керек деген пікірін білдірді.
«Мен ұзақ өмір сүрдім. Өмір бойы бір түйгенім, елдің бар байлығы - бейбітшілік пен келісімді ту еткен халқы екен. Елімнің, қазағымның жетістігін көргенім үшін өзімді бақытты санаймын»,- деді Несіп Ерінбаева.
Кейуанаға тыл еңбеккері мәртебесі берілген.