Индонезияда адам сенгісіз жайт болды. 14 жастағы Акмаль Руси есімді жігіт дәрігерлерге тауық секілді жұмыртқалай алатынын айтып таң қалдырған. Бұл туралы segodnya.ua порталы жазды.
Акмаль Руслидің әкесі баласының іші ауырып, оны ауруханаға апарған. Дәрігерлер науқасты рентгенге түсіріп, ішінде жұмыртқа барын анықтайды. Сөйтіп, жұмыртқаларды дәрігерлер бұзбастап шығарып алады.
Кейін жігіт тағы да «ішім ауырды» деп ауруханаға бірнеше рет келеді. Содан дәрігерлер бас-аяғы 18 жұмыртқаны шығарып алады.
Ал жасөпірімнің отбасы бұл құбылысты ерекше қасиетке балап отыр. Алайда, дәрігерлер тексеру барысында жұмыртқанын адам ішінде емес, тауықта пайда болғанын дәлелдеп берген. Яғни жұмыртқаны олар өздері салған екен.