$ 494.87  520.65  4.91

Сарыағашта өзбек азаматы бойжеткенді пышақтап, ұялы телефонын алып кеткен

Оңтүстікқазақстандық полицейлер жас қызды пышақтап, оған қарақшылық шауыл жасады деген күдікпен Өзбекстан азаматын қолға түсірді. Күдікті былтыр қараша айынан бері іздеуде болған деп хабарлады ОҚО ІІД-нің бапсасөз қызметі.

Қылмыс сол 2017 жылдың қараша айында болған екен. Полицейлерге хабарлама аудандық ауруханадан келіп түсіпті. Дәрігерлер пышақ жарақатын алған 20-25 жас шамасындағы жас қыздың ауыр халде түскенін айтқан.

Тексеру барысында белгілі болғандай, бойжеткен белгісіз ер азаматпен жанжалдасып қалған екен. Сол сәтте ер адам оған пышақ сұғып алған. Жанұшыра айқайлап, көмек сұрай бастағанда жаралы қарақшы қыздың ұялы телефонын алып, оқиға орнынан ізін суытыпты.

Сарыағаш АІІБ-ның қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдікті жасы 40-45 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Аталған жайт бойынша адам өлтіруге оқталу және қарақшылық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары