Танымал әртіс қыз образ ауыстыруға келгенде алдына жан салмайды. Сондайға шебер, әйтеуір. Фотографтар оны сол үшін де ұнатады.
Жақында Айсұлу сәнді журналдардың бірі үшін жаңа кейіпте суретке түсіпті. Жарқын, қою макияж, ұзын қоспа шаш, белін қысып, ернін қып-қызыл етіп бояған. Айсұлуды мұндай күйде көрген табынушылары есеңгіреп қалды. Олар актрисаны трансвестит деп ойлап қалыпты.
Айсұлу болса, өзінің парақшасында: «Тәттілерім менің, мені таныдыңдар ма? Бұл да мүмкін. DRAG дегеннің не екенін білесіздер ме?», - деп оларды одан сайын ынтықтыра түскен.
«Drag» сөзінің мағынасын білмесеңіз — ол трансвеститтер пайдаланатын әйелдер киімі мен аксессуарлары.
Дереккөз: 365info.kz