02.03.2018, 03:15

Оралда қатты аяздан мектептерде сабақ тоқтатылды

Қатты аязға байланысты Орал қаласындағы мектептерде бірінші ауысымның 1-9-сыныптарында сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, ауа температурасы жергілікті сағат 07.00-де минус 27 градусты көрсетті. Осыған байланысты сабақтың болмайтыны жөнінде ескерту жасалды. Желдің жылдамдығы - секундына 3 метр. Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында соңғы күндері күн суытып тұр.