$ 498.34  519.72  4.85

БҚО-да бір аптада осымен екінші рет полицейлердің қатысуымен жол апаты болды

Батыс Қазақстан облысында патрульдік машина мен «Ауди» жеңіл көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты. Тағы үш адам жарақаттанды, деп жазады «ҚазАқпарат».

Оқиға 1 наурыз күні «Орал-Ақсай» тас жолы бойында Бөрлі ауданы Масайтөбе ауылы тұсында болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманованың айтуынша, зардап шеккендердің барлығы ер адамдар. Олар Бөрлі аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Қазіргі уақытта зардап шеккен екі адамды облыстық клиникалық ауруханаға ауыстыру мәселесі қаралуда. «Ауди» жүргізушісі ауруханаға жатудан бас тартыпты. БҚО Ішкі істер департаменті бұл оқиғаға қатысты ақпаратты кейін беретінін жеткізді.

Айта кетейік, бұл - соңғы күндері полиция қызметкерлерінің қатысуымен болған екінші оқиға. 27 ақпан күні Сырым ауданы Алғабас ауылы тұсында автобуспен түйіскен «ВАЗ-2114» автокөлігінің рулінде болған аудандық Ішкі істер бөлімі учаскелік инспекторының қаза болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары