Алматы облысының Сырымбет ауылында арықтан екінші сынып оқушысының мәйіті табылды. Қайғылы оқиға 28 ақпан күні болған.
Бұл күні кішкентай бала мектептен келіп, өз үйінің ауласында ойнап жүрген екен. Үйде ата-анасы болмаған. Әкесі жалданып жұмыс істегендіктен Алматыда болса, анасы Текелі қаласына кетіп қалыпты.
Әзірге кішкентай баланың нақты неден көз жұмғаны айтылмай отыр. Оның денесі үй жанындағы арықтан табылған. "Мәйітті экспертизаға алып кетті. Біз қазір жерлеуге дайындалып жатырмыз", - деді марқұмның туыс ағасы.