$ 444.22  476.38  4.82

Астанадағы оқушылар сарайында кішкентай балалар төбелесіп, бірі пышақталған

Оқушылар сарайының аумағында дискотекадан кейін белгісіз біреу оқушыны пышақтап жаралады деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оқиға 2 наурызда шамамен 18:30-да болғаны айталады.

Полиция осы оқиға туралы пікір білдірді. "Бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Күдіктінің кім екені анықталды және ұсталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу шаралары жарияланбайды. Тек прокурордың рұқсатымен және тергеу шараларына нұқсаң келмеген жағдайда жарияланады", - деді Астана ІІД өкілдері редакцияның сауланамасына жауап бере отырып.

Білім басқармасының алдын ала мәліметі бойынша, дискотекадан кейін Оқушылар сарайының маңында белгісіз біреу оқушыны жаралаған. Қазіргі уақытта бала ауруханада жатыр, жағдай тұрақты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары