Латвия сеймі ел президенті ретінде Раймонд Вейонисті сайлады, ол бұған дейін қорғаныс министрлігін басқарған, деп хабарлайды Би-би-си.
Айта кетейік, президент тағына төрт кандидат үміткер болды. Жеңімпазды анықтау үшін бес раунд өткізілді, бірінші раундта үміткерлердің ешқайсысы басым дауыс жинай алмады. Одан кейінгі кезеңдерде кандидаттар бір-бірлеп үміткерліктен шыға берді.
Латвия - парламенттік республика, мұнда ел президентін төрт жылда бір рет сейм сайлайды.