$ 498.34  519.72  4.85

Ақтауда мектепте мұғалім аяқасты қайтыс болды

Ақтаудағы №8 мектепте мұғалім қайтыс болды. Жедел жәрдем қызметіне шақырту кеше таңертең 11:40 шамасында келіп түскен екен. Алайда, дәрігерлер қан қысымы көтерілген әйелге көмектесе алмады.

"Жедел жәрдем" келгенде әйел ес-түзсіз жатқан. Дәрігерлер жарты сағат бойы реанимациялық іс-шаралар жүргізген. Алайда 47 минуттан кейін мұғалім көз жұмған.   

Маңғыстау облыстық жедел медициналық көмек станциясы бас дәрігерінің орынбасары Рахымжан Елтаевтың айтуынша, өлімнің себебі әзірге белгісіз.  

"Себебі сойып тексеруден кейін анықталады. Реанимациялық іс-шаралар нәтиже бермеген, сағат 12:07-де көз жұмды. Мектеп қызметкерлерінің айтуынша, әйелдің бірнеше күн бойы қан қысымы көтерілген. Диспансерлік есепке тұрмаған, дәрігерге қаралмаған", — деп түсіндірді Рахымжан Елтаев.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Оралда № 32 орта мектептегі 11-сыныптың жетекшісі оқушылардың көз алдында қаза болған еді.

Дереккөз: sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары