08.03.2018, 10:09

Павлодар облысында дауылды желден үйдің шатыры ұшып кетті

Павлодар облысында жекеменшік үйлердің бірінің шатыры дауылды жел салдарынан ұшып кетті деп хабарлайды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Оқыс оқиға 7 наурыз күні таңертең Баянауыл ауданындағы Қызылшілік ауылында болған. Желдің күші секундына 28 метр жылдамдықпен тұрып, жалпы аумағы 200 шаршы метр болатын шатырды жұлып әкеткен. Зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, 6 наурыз күні дауылды желден Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы аурухананың 5 қабатты ғимараты шатырсыз қалған болатын. Ол кезде жел секундына 19 метр жылдамдықпен тұрған болатын.