08.03.2018, 16:39

ШҰҒЫЛ: Мұратхан Тоқмәдидің қашып кеткені туралы ақпарат тарады

Аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталып жатқан экс-кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиге іздеу жарияланды. Күдіктіге іздеу жариялаған ішкі істер органдарының бағыттамасы әлеуметтік желілер арқылы тарап кеткен.

Полицияның мәліметтеріне сүйенсек, Тоқмәди Тараз қаласындағы облыстық ауруханада емделіп жатып, сол жерден 8 наурыз күні кешкі сағат 19:30-20:00 аралығында қашып шыққан екен. Оның үстінде тізесінен келетін қара түсті куртка, джинсы шалбар және кроссовки немесе туфли болған деп жазылған әлеуметтік желіде тараған полицейлердің бағыттамасында.

Еске салайық, Мұратхан Тоқмәди бұған дейін ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айыппен сотталған болатын. Ал, қазіргі таңда оған жаңа айыптар тағылып, ол қайта сотталып жатыр. Атап айтқанда, экс-кәсіпкер Мұхтар Әблязовтың тапсырысымен "Тұран-Әлем" банкінің бұрынғы басшысы Ержан Тәтішевті өлтірген көрінеді.