$ 444.22  476.38  4.82

Тоқмәдидің қашқаны туралы ақпараттан кейін Тараздан шығар жолдардың бәрі жабылды (ВИДЕО)

8 наурыз күні кешкі сағат 19:30-20:00 арасында қылмыскер Мұратхан Тоқмәдидің Тараздағы облыстық ауруханадан қашып шыққаны туралы ақпарат жұртты дүр сілкіндіріп қоймай, өңірдің құқық қорғаушыларын да аяқтан тік тұрғызды.

Тengrinews.kz тілшісінің мәліметінше, Тараздан Алматы мен Шымкентке барар трасса түгел бақылауға алынып, ары-бері өткен көліктердің барлығы тексеріліп жатыр екен. Сондай-ақ, іздеу жұмыстары қала ішінде де жүргізілуде.

Полицейлер автокөліктердің салоны мен жүксалғыштарын қарап, Мұратхан Тоқмәдиді ұстаудың барлық амалдарын жасап жатыр.
Еске салайық, осыдан бірнеше сағат бұрын аса ауыр қылмыстары үшін сотты болған экс-кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің ауруханадан қашып шыққаны туралы ақпарат әлеуметтік желілер арқылы тараған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары