4 маусым күні Гананың Аккра қаласында жанармай құю бекетінде жойқын жарылыс болды.
Апат салдарынан 150-ге жуық адам көз жұмды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Билік оқиғаға байланысты елде үш күн қатарынан қаралы күн деп жариялады.
Оқиғаның мән-жайы әлі анықталып жатыр. Құқыққорғау органдары тергеу жүргізуде.